Ақауларды жою kk Ақаулық Ақаулардың себебі және оларды жою Орнатылған температураға қол жеткізілмеген. Толығымен автоматты түрде жібіту жұмыс істемейді. Мұздатқыш камераның есігі ұзақ уақыт ашық тұрды. NoFrost жүйесіндегі буландырғыш (суық генератор) өте мұзды. Талап: Мұздатылған тағамдарды жақсылап орап, салқын жерде сақтау керек. 1. Құрылғыны өшіріңіз. → Бет44 2. Құрылғыны тоқ желісінен ажыратыңыз. Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз немесе сақтандырғыштар блогындағы тиісті сақтандырғышты өшіріңіз. 3. Құрылғыны қабырғадан бері жылжытыңыз. 4. Құрылғының есігін ашық қалдырыңыз. a Шамамен 20 минуттан кейін еріген су құрылғының артындағы қоқыс төгетін тесікке түсе бастайды. → Сур. 12 5.
Науаның толып кетуіне жол бермеу үшін еріген суды шүберекпен сүртіңіз. Науаға су төгілмесе, буландырғыш еріп кетті дегенді білдіреді. 6. Құрылғының ішкі бөлімін тазалаңыз. → Бет50 7. Құралды қайта қосыңыз. → Бет44 Температура таңдалған температурадан ерекшеленеді. Себептері түрлі болуы мүмкін. 1. Құрылғыны өшіріңіз. → Бет44 2. Құрылғыны шамамен 5 минуттан соң қайта қосыңыз. → Бет44 ‒ Егер температура тым жоғары болса, оны екі сағаттан соң қайта тексеріңіз. ‒ Егер температура тым төмен болса, оны келесі күні қайта тексеріңіз. Құрылғы бетінде және құрылғы сөрелерінде конденсат пайда болады. Жылы немесе ылғал ауадағы су, құрылғының суық беттерінде конденсацияланады. 1.
Суды жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. 2. Құрылғының есіктерін мүмкіндігінше тез жауып тастаңыз. 3. Құрылғы әрдайым жабылып тұрғанына назар аударыңыз. 53