Panasonic — Важные замечания по безопасности

Важные замечания по безопасности r Қауіпті арақашықтық (IEC 62471-5:2015) Сәулелену деңгейі 2-ші қауіп-қатер тобының рұқсат етілетін сәулелену шегіне (AEL) жететін, проекциялық объектив бетінен бастап есептелген қашықтық қауіпті арақашықтық (HD) немесе қауіпсіз арақашықтық деп аталады. Сәулелену деңгейі 2-ші қауіп-қатер тобының рұқсат етілетін сәулелену шегінен асатын аймақ қауіпті аймақ (HZ) деп аталады. Қауіпті аймақ ішінде проектордан проекцияланған жарыққа қарамаңыз. Сәл ғана қарасағанның өзінде, көзіңізге тікелей сәулелендіруден зақым келуі мүмкін.

Қауіпті аймақтан тыс жерде тұрсаңыз, әдейі көз алмай қараған жағдайдан басқа барлық жағдайларда проектордан проекцияланған жарыққа қарау қауіпсіз деп саналады. HD HD D3 D1 D2 HZ D4 HZ r Қауіп-қатер тобы Қауіп қашықтығы 1 m (39-3/8") немесе одан аз болғанда, проектор 2-ші қауіп-қатер тобына жатқызылады. Қауіпті арақашықтық 1 m (39-3/8") артық болған жағдайда, ол 3-ші қауіп-қатер тобына жатқызылады және тұтынушылық қолдануға емес, кәсіби қолдануға арналған болады. 3-ші қауіп-қатер тобында болған жағдайда, қауіпті аймақ ішінен проекцияланған жарыққа сәл ғана қарағанның өзінде көзіңізге тікелей сәулелендіруден зақым келуі мүмкін.

2-ші қауіп-қатер тобында жағдайда, проектордан проекцияланған жарыққа әдейі көз алмай қараған жағдайдан басқа барлық жағдайларда оны көзіңізді зақымдамай, қауіпсіз қолдануға болады. Осы проектор 2-ші қауіп-қатер тобына жатқызылады. 14 - РУССКИЙ