Важные замечания по безопасности ЕСКЕРТУ: r КЕРЕК-ЖАРАҚТАР Батареяларды дұрыс пайдаланыңыз, төмендегіні қараңыз. Бұл сақтық шараны орындамау, батареяның ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртке себеп болуы мүмкін. f Нақты көрсетілмеген батареяларды пайдаланбаңыз. f Құрғақ электр батареяларын зарядтамаңыз. f Құрғақ электр батареяларын бөлшектемеңіз. f Батареяларды қыздырмаңыз немесе суға не отқа салмаңыз. f Батареялардың + және – терминалдарын алқа немесе шаш түйреуіштер сияқты темір заттарға тигізбеңіз. f Батареяларды темір заттармен бірге сақтамаңыз немесе тасымаңыз. f Батареяларды пластикалық қапта сақтаңыз және оларды темір заттардан алыс ұстаңыз.
f Батареялар (+ және –) кереғарлығы дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз. f Жаңа және ескі батареяларды бірге пайдаланбаңыз немесе әртүрлі батареяларды пайдаланбаңыз. f Қабығы ашылған немесе жойылған батареяларды пайдаланбаңыз. Егер батарея сұйықтығы ақса, оны жалаң қолыңызбен ұстамаңыз, қажет болса, келесі шараларды қолданыңыз. f Теріге немесе киімге тиген батарея сұйықтығы терінің қабынуына немесе жарақатқа себеп болады. Таза сумен шайыңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз. f Батарея сұйықтығы көзіңізге тисе, көрмей қалуыңыз мүмкін. Бұл жағдайда, көзіңізді уқаламаңыз. Таза сумен шайыңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз. Балалардың батареяларға жетуіне жол бермеңіз.
Байқаусызда жұтып қойса, денсаулыққа зиян келеді. f Егер оны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Таусылған батареяларды қашықтан басқару пультінен алып тастаңыз. f Батареяларды құрылғыда қалдыру сұйықтығының ағуына, қызып кетуіне немесе жарылуына себеп болады. РУССКИЙ - 17