Panasonic — Маңызды қауіпсіздік ескертпесі

Маңызды қауіпсіздік ескертпесі ЕСКЕРТУ: Проекторды адамдар өтетін жерде орнатпаңыз. Адамдар проекторға соғылып немесе қуат сымына шалынып, бұл өртке, тоқ соғуына немесе жарақатқа әкелуі мүмкін. Кіріс/шығыс желдету саңылауларын жабуға болмайды. Әйтпесе проектор қызып кетіп, өрт шығуы немесе проекторға зақым келуі мүмкін. z z Проекторды шүберек немесе қағаз үстіне қоймаңыз, себебі бұл материалдар кіріс желдету саңылауының ішіне сорылып кетуі мүмкін. z z Кез келген қабырғалар не заттар мен шығыс желдету саңылауының арасында кемінде 1 м (39-3/8") және кез келген қабырғалар не заттар мен кіріс желдету саңылауының арасында кемінде 50 см (19-11/16") аралық қалдыру қажет.

z z Проекторды тар, нашар желдетілетін жерлерге орналастырмаңыз. Қолдарыңызды немесе басқа заттарды шығыс желдету саңылауына жақындатпаңыз. Әйтпесе қолдарыңыз не басқа заттар күйіп қалуы не зақымдалуы мүмкін. z z Шығыс желдету саңылауынан қызған ауа шығады. Қолдарыңызды, бетіңіз немесе жылуға төзімді емес заттарды осы желдету саңылауына жақындатпаңыз. Проектор пайдаланылу барысында проекция терезесінен шыққан жарыққа қарамаңыз және теріңізді тигізбеңіз. Солай жасау күйіп қалуға немесе соқырлыққа себеп болуы мүмкін. z z Проектордың проекция терезесінен күшті жарық шығады. Бұл жарыққа қарамаңыз немесе қолдарыңызды қоймаңыз.

z z Әсіресе, кішкентай балалардың проекция терезесіне қарауына жол бермеңіз. Оған қоса, проектордан алыс болған кезде, қуатты өшіріп, қуат ашасын ажыратып тастаңыз. Проекторды қайта құруға немесе бөлшектеуге әрекеттенбеңіз. Жоғары кернеу өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін. z z Қандай да бір тексеру, реттеу және жөндеу жұмыстары үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Проектордың ішіне темір заттардың, тез тұтанатын заттардың немесе сұйықтықтардың кіруіне жол бермеңіз. Проектордың дымқыл болуына жол бермеңіз. Солай жасау қысқа тұйықтауға, қызып кетуге, нәтижесінде өртке, электр тогының соғуына немесе проектордың жұмыс істемей қалуына себеп болуы мүмкін.

z z Ішінде сұйықтығы немесе темір заттар бар ыдыстарды проектордың жанына қоймаңыз. z z Егер проекторге сұйық зат кіріп кетсе, сатушыға хабарласыңыз. Panasonic компаниясы ұсынған төбеге орнату кронштейнін пайдаланыңыз. Басқа төбеге орнату кронштейнін пайдалану проектордың құлауына себеп болуы мүмкін. z z Балаларға тиісті назар аудару керек. „ „ КЕРЕК-ЖАРАҚТАР z z Проектор құлап кетпеуі үшін төбеге орнату кронштейніне берілген қауіпсіздік кабелін тағыңыз. Батареяларды бұрыс пайдаланбаңыз, төмендегіні қараңыз. Бұл сақтық шараны орындамау, батареяның ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртке себеп болуы мүмкін. z z Нақты көрсетілмеген батареяларды пайдаланбаңыз.

z z Аккумуляторлар пайдаланбаңыз. z z Құрғақ электр батареяларын зарядтамаңыз. z z Құрғақ электр батареяларын бөлшектемеңіз. z z Батареяларды металл заттармен бірге сақтамаңыз немесе тасымаңыз. z z Батареялардың + және - терминалдарын алқа немесе шаш түйреуіштер сияқты темір заттарға тигізбеңіз. z z Батареялар (+ және -) кереғарлығы дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз. z z Батареяларды пластикалық қапта сақтаңыз және оларды темір заттардан алыс ұстаңыз. z z Жаңа және ескі батареяларды бірге пайдаланбаңыз немесе әртүрлі батареяларды пайдаланбаңыз. Балаларға батареяларды ұстауға рұқсат бермеңіз. Байқаусызда жұтып қойса, денсаулыққа зиян келед.

z z Қабығы ашылған немесе жойылған батареяларды пайдаланбаңыз. z z Егер жұтып қойылса, дереу дәрігерге қаралыңыз. РУССКИЙ - 13