Төтенже жағдай кезінде Жоғары вольтты жүйені өшіру. Назар аударыңыз! ■ Кəсіби емес персоналға жоғары вольтты сымдарға қол тигізуге тыйым салынады. ■ Егер жоғары вольтты сымдарға немесе компоненттерге қол тигізу қажет болса, əрдайым тиісті жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз жəне жоғары вольтты жүйені ажыратыңыз. ■ Электр тоғынан зақымданудан қайтыс болуға жол бермеу үшін жоғары вольтты аккумулятордың компоненттеріне тіпті жоғары вольтты жүйені ажыратқаннан кейін де, егер тиісті жеке қорғану құралдарын пайдаланып жатқан болмасаңыз, қол тигізбеңіз. ■ Зақымдалған жоғары вольтты компоненттерді оқшаулағыз таспамен ораңыз.
■ Кабельді апатты айырғышты өшірген соң автомобильде электрдің болу-болмауын тексеру үшін тиісті құралдарды (мысалы, тесттік қарындаш) пайдалану керек. Ескертпе! Апатты ажырату жүйесі апатты жағдайларда жоғары вольтты жүйені уақтылы өшіреді. Кабельдің апатты айырғышын ажырату жөндеуді төлеуге алып келеді. 97