Монтаждау нұсқаулығы kk 12.2 Құрылғының өлшемдері Мұнда құрылғының өлшемдері берілген 12.4 Орнату барысында қауіпсіздік Құралды орнату барысында қауіпсіздік техникасы жөніндегі берілген нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТУ ‒ Улану қатері! Артқа сорылған жанатын газдар газдан улануға алып келуі мүмкін. Бөлме ауасына байланысты алау ошақтар (мысалы газ, май, ағаш немесе көмірдік ысыту құралдары, ағымдық ысытқыш, ыстық су дайындағышы) жанатын ауаны орнатылған жерден алып пайдаланылған газдарды газ шығару аспабы (мысалы, камин) арқылы шығарады. Ауа сору құбыры жұмыс істеп тұрғанда, асүй мен оған жақын орналасқан бөлмелердегі ауа сорылады, сәйкесінше ауа жетіспеушілігі салдарынан, қысым төмендейді.
Зиянды газдар камин мен ауа сору шахтасынан бөлмелерге тартылады. 12.3 Қауіпсіздік аралықтары Құрылғыңызға арналған қауіпсіз қашықтықтарды сақтаңыз. ▶ Егер құрал желдету күйінде болып бір уақытта бөлме ауасына байланысты ошақпен пайдаланылса, әрдайым жетерлік ауаны кірітіңіз. ▶ Ошақтың қазандығындағы теріс қысым 4 Па-дан (0,04 мбар) аспаған жағдайда ғана қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге болады. Оны жабылмайтын жану үшін жетерлік ауаны келтіретін тесіктер арқылы, мысалы есіктерде, терезелерде ауа алмасу/ желдету аспабымен немесе басқа техникалық шаралармен қамтамасыз ету мүмкін. Бір ғана ауа алмасу/желдету аспабы керекті көлемді қамтамасыз етпейді.
▶ Мұржа тазалаушының ұсынысын алыңыз, ол үйдің жалпы ауа алмасуын есептеп желдету үшін тиісті шараны ұсынуы мүмкін. ▶ Егер құрал тек ауа айналымы режимінде ғана жұмыс істеп тұрса, онда оны еш шектеусіз пайдалана беруге болады. 11