kk Қауіпсіздік ▶ Құрылғыны электр желісінен ажырату үшін желілік кабельден тартуға тыйым салынады. Желіге қосу кабелді ашасынан тартыңыз. ▶ Құрылғыны желілік кабельден тартуға немесе тасымалдауға тыйым салынады. ▶ Құрылғы немесе желілік кабель зақымданған жағдайда, желі кабелінің ашасын розеткадан дереу шығарып алыңыз немесе сақтандырғыш блогындағы сақтандырғышты өшіріңіз. ▶ Қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. ▶ Құрылғыны тек жабық бөлмелерде пайдаланыңыз. ▶ Құрылғыға қатты жылудың немесе ылғалдың тиюіне жол бермеңіз. ▶ Құрылғыны тазалау үшін булап тазартқыш немесе жоғары басымдылықты булап тазартқышты пайдаланбаңыз.
▶ Еш жағдайда желі кабелін ыстық құрылғы бөліктеріне немесе жылу көздеріне тигізбеңіз. ▶ Желі кабелін өткір ұштарға немесе шеттерге тигізбеңіз. ▶ Желі кабелін бүкпеңіз, баспаңыз немесе өзгертпеңіз. ▶ Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген мәліметтері бойынша іске қосып қолданыңыз. ▶ Құрылғыны тазалаған кезде жанғыш немесе спиртті заттарды қолданбаңыз. ▶ Желілік кабельді толықтай суырып алыңыз. ▶ Киім, шаш, саусақ және басқа дене мүшелерін құрылғыдағы саңылаулардан және жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз. ▶ Еш жағдайда құбырды немесе саптамаларды көзге, шашқа, құлаққа немесе ауызға бағыттамаңыз. ▶ Сатыда тұрып шаң сорған кезде, құрылғы астында адамдардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Жұмыста үзіліс жасаған кезде құрылғыны өшіріп, желілік ашаны суырып алыңыз. ▶ Желілік кабельді ішке тартыңыз. ▶ Кабель автоматты түрде тартылғанда, желілік аша адамдарға, дене мүшелеріне, жануарларға немесе заттарға лақтырылмағанына көз жеткізіңіз. ▶ Орама материалды балалардан алыс ұстаңыз. ▶ Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз. 64