kk Қауіпсіздік Жанғыш әрі ығыстырғыш газдары бар өнімдерді және аэрозольді баллондар секілді жарылу қаупі бар заттар жарылып кетуі мүмкін. ▶ Жанғыш әрі қыздырғыш газдары бар өнімдер мен жарылу қаупі бар заттарды құрылғының ішінде сақтамаңыз. ЕСКЕРТУ ‒ Өрт шығу қатері! Құрылғы ішінде электр құрылғыларын (мәселен, қыздырғыштар немесе балмұздақ дайындайтын электрлік құралдар) пайдалану салдарынан өрт тууы мүмкін. ▶ Құрылғының ішінде электрлік құрылғылар қолданбаңыз. ЕСКЕРТУ ‒ Жарақаттану қатері! Газданған ішімдіктер құйылған ыдыстар жарылуы мүмкін. ▶ Газдалған ішімдіктер құйылған ыдыстарды мұздатқыш бөлімге салмаңыз. Жанғыш хладагент пен зиянды газдардың ағып кетуінен көзге зақым тиюі мүмкін.
▶ Хландагент жүйесінің құбырлары мен оқшаулағышқа зақым келтірмеңіз. Құрылғы аударылып кетуі мүмкін. ▶ Тіректерді, суырмаларды және есіктерді баспаңыз және оларға сүйкенбеңіз. ЕСКЕРТУ ‒ Күйіп қалу қатері! Құрылғының артқы қабырғасындағы кей бөлшектер жұмыс барысында қызып кетеді. ▶ Құрылғының қызып тұрған бөлшектеріне ешқашан тимеңіз. ЕСКЕРТУ ‒ Үсу қауіп-қатері! Мұздатылған өнімдер мен суық беттерді ұстаудан да жарақат алу қаупі бар. ▶ Ешқашан мұздатылған өнімдерді мұздатқыш бөлімнен шығарған бойда ұстамаңыз. ▶ Теріні мұздатылған өнімдерге, мұзға және мұздатқыш бөлімдегі құбырлағарға ұзақ уақыт тигізбеңіз. 36