Krups — Krups Kitchen Utensils User & Service Manual PDF (EN)

Қазақ / Kazakh Асүйлік жабдықтардың аксессуарларына /қосымша бөлшектеріне/ арналған KRUPS КЕПІЛДЕМЕСІ : www.krups.com Ақырғы тұтынушыға сатуға арналған аксессуарларды, шығын материалдарын және бөлшектерін Сіз өз Еліңізде Біздің www.krups.com сайтымызда сипатталғандай сатып ала аласыз.

Кепілдеме KRUPS өзінің оригинал аксессуарлары,қосымша бөлшектеріне, және жабдықтарына материал жеткіліксіздігінен немесе құрастыруға байланысты кез-келген өндірістік ақауларды жоюға, сатылған немесе жеткізілген күннен бастап 2 жыл ішінде кепілдеме береді , арнайы құралды немесе сәйкесті техникалық мамандықты талап ететін құрылғының қосымша бөлшектері бұған кірмейді, берілген қосымша бөлшектерге коммерциялық кепілдеме мерзімі 3ай.

Өндірістік коммерциялық кепілдеме ақаулығы бар бұйымды жөндеу немесе бұзылған бөлшегін ауыстыру арқылы оның алғашқы техникалық жағдайына дейін қалпына келтіруге байланысты, айқындалған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстардың құнын қоса отырып кеткен шығындарды толығымен жабады. KRUPS таңдауы бойынша бұзылған бұйымын жөндеудің орнына оны ауыстыруы мүмкін. Берілген кепілдеме шегінде KRUPS міндеттемелері және сіздің таңдауыңыз бұйымды жөндеу және оны ауыстырумен шектелген. Кепілдеме шарттары және ескертулер KRUPS сатылу күнін растайтын құжат болмаған жағдайда кепілдеме жөндеу және кез-келген бұйымды ауыстыру бойынша ешқандай міндеттеме жүктемейді.

KRUPS тұтынушыларды қолдау қызметімен байланысқаннан кейін және қайтаруға рұқсат алғаннан кейін өнім тиісті түрде қапталып және KRUPS өкілдігіне тапсырыспен(пошта шығындарының балама тәсілімен) қайтарылуы тиіс. Өнімнің ақаулығы расталғаннан кейін KRUPS жөнделген бұйымды немесе жаңасын кері қайтарады. Ақаулығы жоқ бөлшектері тұтынушының өтініші бойынша және өз есебінен оған қайта жіберіледі.

KRUPS сатылғаннан кейінгі максималды мүмкін қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшін және клиенттердің қанағаттану деңгейін үнемі жақсартып отыру үшін, KRUPS авторластырылған сервис орталығы арқылы жөндеу немесе ауыстыруды жүзеге асырған барлық клиенттерге қызмет көрсетуіне қанағаттану деңгейі бойынша сауалнама жүргізу құқығын иемденеді. Берілген кепілдеме тек қана жеке тұрмыстық мақсатта сатып алынатын және пайдаланылатын бұйымдарға таралады, және дұрыс емес және ұқыпсыз пайдалану, пайдалану бойынша нұсқаулықты орындамау, иесінің бұйым құрылысын өз бетімен өзгертуі немесе оны жөндеуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін қандай да бір ақаулықтарға таралмайды.

Ол сонымен қатар, бұйымның қалыпты тозуында, техникалық қызмет көрсетуде, шығын материалдарын ауыстыру немесе мына жағдайларда таралмайды:

- судың жарамсыз түрін пайдалану - электр желісінің ақаулығы, тоқтың жарамсыз кернеуі немесе жиілігі - масштабтау (кез-келген масштабсыздандыру нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс) -еңсерілмейтін күштің әсері(қайғылы оқиға, өрт,су тасқыны,және т.б.) - мехнаникалық зақымдану, асқын жүктеу - бұйымның ішіне сұйықтықтың, шыңның немесе жәндіктердің түсуі (жәндіктермен күресу үшін арнайы шығарылған құралдардан басқа) - бұйымның белгілі бір шыны немесе сынғыш компонеттерінің зақымдалуы - кәсіптік қолдану немесе коммерциялық мақсатта пайлдалану - дақтар, түссіздену немесе сызаттар - духовка шкафында пайдалану(осыған арналған бұйымдарды қоспағанда) -егер бұйым сынған, бүлінген болса -қатты қызу, жалыннан келген жылудың ұзақ әсері , - ыдыс жуатын машинада пайдалану(осыған арналып жасалған бұйымдарды қоспағанда) - температуралардың айырмасынан болған ақаулар Тұтынушының құқығы және қосымша ақпарат Берілген коммерциялық KRUPS кепілдемесі бұйым сатып алынған сауда ұйымына қатысты құқықтарды қоса алғанда, еліміздің заңнамасында қарастырылған тұтынушылардың құқығын қорғау туралы тұтынушының ешкандай құқығына қатысты емес Берілген кепілдеме тұттынушыға ерекше заңды құқықтар ұсынады, бірақ, тұтынушы сонымен қатар басқа да елден-елге, аймақтан-аймаққа өзгеретін заңды құқықтарға ие болуы да мүмкін.

Тұтынушы кез-келген заңды құқықтарын өзіндік таңдауы бойынша қорғай алады. Толығырақ ақпарат алу үшін, өтінеміз, www.tefal.com. сайтына кіріңіз. Егер Сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, өтінеміз, біздің тұтынушылды қолдау қызметімен байланысыңыз.