Panasonic — Маңызды қауіпсіздік ескертпесі

Маңызды қауіпсіздік ескертпесі САҚТЫҚ: „ „ ПАЙДАЛАНУ/ОРНАТУ Проекторды жылжытудан бұрын әрдайым барлық кабельдерді ажыратыңыз. Кабельдері жалғаулы проекторды жылжыту салдарынан кабельдер зақымдалады, бұл өрт немесе электр тогының соғуына себеп болады. Проекторды төбеге орнатқан кезде, орнату бұрандаларын және қуат сымын төбенің ішіндегі темір заттарға тигізбеңіз. Төбенің ішіндегі темір заттарға тисе, электр тогының соуғына себеп болады. Гарнитураларды және құлаққаптарды ұясына ешқашанда қоспаңыз. Құлаққаптан шыққан шамадан тыс дыбыс қысымы есту қабілетін жоғалтуға себеп болады. „ „ КЕРЕК-ЖАРАҚТАР Ескі шам құрылғысын пайдаланбаңыз. Егер пайдаланылса, шамның жарылуы мүмкін.

Егер шам сынса, бөлмені дереу желдетіңіз. Сынған бөліктерге қол тигізбеңіз немеес бетіңізді жақындатпаңыз. Бұл шараны орындамау, пайдаланушының шам сынған кезде шыққан газды ішіне тартуы мүмкін, оның құрамында флуоресцентті шамдарындағыдай бірдей мөлшерде сынап бар, ал сынған бөліктерден жарақат алуыңыз мүмкін. z z Шам құрылғысын ауыстыру туралы сатушыдан сұраңыз және проектордың ішін тексеріңіз. Егер проекторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, қашықтан басқару пультіндегі батареяларды алып тастаңыз. Бұл шараны орындамау, батареялардың ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе жарылуына себеп болады, соның нәтижесінде өрт орын алуы немесе айнала ластануы мүмкін.

z z Егер газды ішке тартып алсаңыз немесе газ көзіңізге не аузыңызға кірсе, дереу дәрігерге қаралыңыз. „ „ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Проектордың ішкі жағын жылына бір рет тазалау туралы ақпаратты дилеріңізден сұраңыз. Ішіне шаң жиналған проекторды пайдалана беру өртке себеп болуы мүмкін. z z Тазалау ақысын дилеріңізден сұраңыз. РУССКИЙ - 15