Төтенже жағдай кезінде Жоғары вольтты жүйені өшіру. Жүксалғыштағы кабельдің апатты айырғышы. Егер ішіндегі апатты айырғышты өшіру үшін мотор бөлігіне жақындауға мүмкіндік болмаса, жоғары вольтты қуат беруді жүксалғыштағы апатты айырғыш арқылы өшіруге болады. 1. Саймандардың көмегімен жүксалғыштың сол жақтағы панелін демонтаждаңыз. 2. Кабельді апатты жағдайларда өшіруге арналған саймандарды пайдаланыңыз. Кабельдің апатты айырғышы жүксалғыштың сол жақтағы панелінің артында орналасқан. Апатты жағдайда өшіруге арналған саймандар. Қорғағыш жабдық. Жоғары вольтты жүйеге қол тигізген немесе онымен жұмыс істеген кезде келесі қорғану құралдарын дұрыс пайдалану керек.
■ Жоғары вольтты жүйемен жұмыс істеген кезде қорғағыш көзілдірік тағыңыз. ■ Жоғары вольтты компоненттерге қол тигізген кезде 1000 В арналған оқшаулағыщ қолғап киіңіз. ■ Жоғары вольтты жүйемен жұмыс істеу үшін оқшаулағыш саймандарды пайдаланыңыз. ■ Оқшаулағыш құтқару ілмегін дайындаңыз. ■ Литий-ион аккумуляторына қолданылатын өрт сөндіргіш жəне көп мөлшердегі таза су. ■ Екі адам жұмыс істеген жөн, апат болған жағдайда көмек қажет болуы мүмкін. 99