kk Қауіпсіздік 1.5 Қауіпсіз орнату ЕСКЕРТУ ‒ Электрик тоқ соғу қатері бар! Дұрыс емес жасалған орнатулар қауіпті болып табылады. ▶ Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген мәліметтері бойынша іске қосып қолданыңыз. ▶ Құрылғыны тек ережелер бойынша орнатылған жерге қосылған розетка арқылы айнымалы тоқ желісіне қосыңыз. ▶ Ішкі электр сымдарының жерге тұйықтау жүйесінің ережелерге сәйкес лайықты түрде орнатылуы тиіс. ▶ Құрылғыны сыртқы қосқышпен, мысалы, таймермен немесе қашықтан басқару пультімен жабдықтауға тыйым салынады.
▶ Егер құрылғы кіріктірілген болса, желілік кабель ашасына еркін қол жеткізу мүмкіндігі болуы қажет немесе бұл мүмкін болмаса, стационарлық электр қондырғысында орнату шарттарына сәйкес ажыратқыш құрылғы орнатылуы қажет. ▶ Құрылғыны орнатуда желіге қосу сымы қысылмағанына немесе зақымдалмағанына тексеріңіз. Желіге қосу сымының зақымдалған оқшаулауы қауіпті. ▶ Еш жағдайда желі кабелін жылу көздеріне тигізбеңіз. ЕСКЕРТУ ‒ Жарылу қауіпі! Құрылғының желдету саңылаулары жабық тұрса, хладагент аққанда жанғыш ауа-газ қоспасы түзілуі мүмкін. ▶ Құрылғы корпусы мен енгізу корпусындағы желдету саңылауларын жауып тастамаңыз. ЕСКЕРТУ ‒ Өрт шығу қатері!
Ұзартылған желілік кабельді және рұқсат етілмеген адаптерді пайдалану қауіпті болып табылады. ▶ Ұзартқыш кабельді немесе көп ұялы қалыптарды пайдаланбаңыз. ▶ Тек қана өндіруші рұқсат еткен адаптер мен желілік кабельдерді пайдаланыңыз. 34