Важные замечания по безопасности ЕСКЕРТУ: r r ҚУАТ Розетка немесе ажыратқыш жабдықтың жанында орнатылуы және ақаулық болған кезде қол оңай жетуі тиіс. Егер төмендегі мәселе пайда болса, қуат көзін дереу ажыратыңыз. Проекторды бұл жагдайда үзіліссіз пайдалану өртке немесе электр тогының соғуына себеп болады немесе көздің көру қабілетін нашарлатуы ықтимал. f f Егер проектордың ішіне бөгде заттар немесе су кірсе, қуатты дереу ажыратыңыз. f f Егер проекторды түсіріп алсаңыз немесе корпусы сынған болса, қуат көзін дереу ажыратыңыз. f f Егер проектордан түтін, әдеттен тыс иіс немесе шуыл байқасаңыз, қуат көзін дереу ажыратыңыз.
Жөндеу үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз және өнімді өз бетіңізбен жөндеуге әрекеттенбеңіз. Найзағай болған кезде, проекторды немесе кабельді ұстамаңыз. Электр тогының соғуы мүмкін. Қуат сымын, қуат ашасын немесе қуат қосқышын зақымдауы мүмкін әрекеттер жасамаңыз. Егер қуат сымы зақымдалған кезде пайдаланылса, электр тогының соғуы, қысқа тұйықталу немесе өрт шығуы мүмкін. f f Қуат сымын зақымдамаңыз, оны жаңартпаңыз, бөлшектемеңіз, ыстық заттардың жанына қоймаңыз, қатты бүкпеңіз, айналдырмаңыз, тартпаңыз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз немесе түйіндемеңіз. Қуат сымын, қуат ашасын немесе қуат қосқышын жөндеу қажет болса, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Берілген қуат сымынан басқа ешнәрсе пайдаланбаңыз. Мұны орындамау ток соғуларына немесе өртке әкеледі. Шығыс тарапынан құрылғыны жерге қосу үшін берілген қуат сымын пайдаланбасаңыз, электр тогының соғуына себеп болуы мүмкіндігін ескеріңіз. Қуат ашасын розеткаға толығымен салыңыз. Егер аша дұрыс салынбаған болса, электр тогы соғуы немесе қызып кетуі мүмкін. f f Зақымдалған ашаларды немесе қабырғадан босап қалған розеткаларды пайдаланбаңыз. Қуат қосқышын (проектор бүйірі) терминалына толығымен бекітіңіз. Толығымен бекітілмеген қуат қосқышы электр тогы соғуынан немесе жылудың пайда болуынан өртке әкелуі мүмкін. Қуат ашасын және қуат қосқышын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Бұл шараны орындамау электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін. 200 V - 240 V айнымалы токпен проекторды пайдаланғанда дербес түрде 30 A қолдайтын розетканы пайдаланыңыз. 100 V - 120 V айнымалы токпен проекторды пайдаланғанда дербес түрде 15 A қолдайтын розетканы пайдаланыңыз. Розетканы басқа құрылғымен бірге пайдалансаңыз, жылу пайда болуынан өрт шығуы мүмкін. Розетканы шамадан тыс жүктемеңіз. Егер қуат көзі шамадан тыс жүктелсе (мысалы, тым көп адаптер пайдаланылса), қызып кетуі және өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Қуат ашасын шаң басып қалмауы үшін үнемі тазалап тұрыңыз. Мұны орындамау өртке себеп болуы мүмкін.
f f Егер проекторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз. Қуат ашасын розеткадан суырып алып, оны құрғақ шүберекпен үнемі тазалаңыз. f f Егер қуат ашасына шаң жиналып қалса, нәтижесінде болатын ылғалдылық оқшаулауды зақымдауы мүмкін. 18 - РУССКИЙ