ҚЫМБАТТЫ САТЫП АЛУШЫ! Өнімді пайдалануға және оның жұмысқа жарамдылығына қатысты қандай да бір мәселелер туындаса, АСО-ға хабарласуды ұсынамыз. Samsung тауарларын (өнімдерін) өндіретін Samsung Electronics тобының бас компаниясы, «Samsung Electronics Co., Ltd.» («Самсунг Электроникс Ко., Лтд.») компаниясы (бұдан әрі мәтін бойынша «Өндіруші»), орналасқан мекенжайы: Корея Республикасы, (Мэтан- донг) 129, Самсунг-ро, Енгтонг-гу, Сувон қ., Кёнги-до, 13.01.1969 жылы Сувон қ. Аудандық сотының шығыс тіркеу бөлімімен тіркелген (тіркеу №000905), таңдауыңыз үшін Сізге үлкен алғысын білдіреді.
Біз бұл өнімнің сіздің сұратуларыңызды қанаттандырсын деп, ал сапасы үздік әлемдік үлгілерге сәйкес болсын деп қолдан келгеннің бәрін жасадық. ОБРАЗЕЦ «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» Қазақстанға, жеткізуге ұсынған барлық тауарлар тиісті елдегі пайдалану жағдайларын ескере отырып дайындалады және, егер осындай белгілерді қолдану тиісті елдің заңнамасында қарастырылған болса, өнім мен қаптамасында ресми сәйкестік белгілері болады. Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін Пайдаланушы нұсқаулығын, кепілдік міндеттемелері шарттарын мұқият зерделеуіңізді, кепілдік талонын және жеткізу жиынтығын толтырудың дұрыстығын тексеруіңізді сұраймыз. Өнімді сату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Кепілдік талоны дұрыс және нақты көрсетілген: үлгісі, өнімнің сериялық нөмірі, сатылған күні, сатушы фирманың анық мөрлері, сатып алушының қолы болған жағдайда ғана жарамды. «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» пайдалану ережелерін сақтау шартымен, тұрмыстық техникаға – 7 жыл, теледидарлар, мониторлар, ауа сорғыштар, аудио, бейне техникасына – 5 жыл, ұялы телефондар, планшеттер, модемдер, проекторларға – 3 жыл қызмет мерзімін белгілейді. Қызмет мерзімі өнім өндірілген күннен бастап есептеледі, егер бұйымның Пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу белгіленбесе. Өнімнің үлгісі мен сериялық нөмірі кепілдік талонында көрсетілгендерге сәйкес болуы керек.
Осы шарттар бұзылған жағдайда, сондай-ақ кепілдік талонында көрсетілген деректер өзгертілген, өшірілген немесе қайта жазылған жағдайда кепілдік талоны жарамсыз деп танылады. Өнімді сақтау және тасымалдау манипуляциялық белгілеріне (бар болса) және өндірушінің түпнұсқалық қаптамасына сәйкес жүзеге асырылуы керек. Қаптамаға ылғалдың түсуін болдырмаңыз. Өнімнің қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін Өндіруші өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін немесе істен шығуын болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу, кәдеге жарату немесе одан әрі қауіпсіз пайдалану туралы ақпаратты алу үшін Авторландырылған Сервистік Орталыққа (АСО) хабарласуды ұсынады.
Бұл жағдайда кепілдік қызметін алу үшін аппаратты сатып алу күнін растайтын фискалдық немесе басқа құжатты ұсыну қажет. Сату күнін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, кепілдік мерзімі өнім өндірілген күннен бастап есептеледі.
Осы кепілдік талонымен «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» өнімде Өндірушінің кінәсінен туындаған ақаулар анықталған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру жөніндегі Авторландырылған Сервистік Орталықтардың (АСО) мекенжайлары мен телефондарын «Samsung бірыңғай қолдау қызметіне» немесе www.samsung.com/kz_kz сайтқа хабарласу арқылы білуге болады. 37