міндеттемелерді өзіне қабылдағанын растайды. «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» төменде көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда кепілдік міндеттемелер және өнімге тегін сервистік қызмет көрсету жөніндегі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Өндірушінің кепілдік міндеттемелері және тегін сервистік қызмет көрсетуі елдегі заңнаманың кепілдік міндеттемелерді және тегін сервистік қызмет көрсетуді орындау талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. бөліктерге жаңа кепілдік мерзімін немесе жаңа тегін сервистік қызмет көрсету мерзімін белгілеуге әкелмейді.
Өндіруші өнімдерде қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың (БЖ) тұтынушылық қасиеттерін үнемі жетілдіріп отырады, бірқатар өнімдерге компанияның ресми ресурстарында пайдаланушыға қолжетімді бағдарламалардың/ қосымшалардың көмегімен тұтынушылардың БЖ өздігінен жаңарту, сондай-ақ пайдаланушының келісімімен БЖ автоматты режимде жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өндіруші сатып алу сәтінде орнатылған немесе Өндірушінің қатысуынсыз қызмет мерзімі ішінде өзгертілген БЖ нұсқасының өнімде сақталуына жауапты емес. Өндіруші әрқашан өнімде БЖ соңғы нұсқасын пайдалануды ұсынады. 4. Өнім жиынтығына кіретін керек-жарақтарға кепілдік мерзімі келесілерді қоспағанда, негізгі өнім мерзіміне теңдестіріледі:
ОБРАЗЕЦ «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» пайдалану ережелерін сақтау шартымен, бірінші сатып алушыға сатылған күннен бастап есептелетін кепілдік мерзімін және кепілдік мерзімі аяқталған күннен бастап есептелетін тегін қызмет көрсету мерзімін белгілейді, олар кестедегі 2-3 беттерде көрсетілген. Бұл ретте кепілдік мерзімі мен тегін қызмет көрсету мерзімі өнімнің қызмет мерзімінің шектерімен шектеледі.
а) қуат көзі элементтері (батареялар), проектор шамдары және жарықтандыру шамдары, пайдаланушы нұсқаулығында жарықтандыру шамдарын ауыстыру рәсімі сипатталған өнімдер; б) жалғау кабельдері (егер олар зарядтау құрылғысының құрамдас бөлігі болмаса), құлаққаптар, әртүрлі типтердегі ақпарат тасымалдағыштары (бағдарламалық жасақтама мен драйверлері бар дискілер, жад карталары); в) тысқаптар, сөмкелер, белдіктер, тасымалдау баулары, монтаждау құралдары, құрал-саймандар, өнімге қоса берілетін құжаттама; г) өніммен жиынтықта әртүрлі типтердегі ақпарат тасымалдағыштарына жеткізілетін бағдарламалық жасақтама (БЖ) және драйверлер (соның ішінде, бірақ бұнымен шектелмей, өнімнің қатты магнит дискілерінде жинақтағышқа алдын ала орнатылған БЖ), сондай-ақ бұл қажеттілік Өндірушінің кінәсінен туындаған өнім ақауынан туындаған жағдайларды қоспағанда, БЖ қайта орнату және баптау қажеттілігі.
КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ШАРТТАРЫ 1. Өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы кепілдік міндеттемелері «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» ҚР аумағында жеткізуге және сатуға арналған және ҚР стандарттарына сәйкестігі сертификатталған өнімдерге ғана жарамды. 2. Тегін сервистік қызмет көрсету деп сатып алушыдан (тұтынушыдан) ақы алмай, Өндірушінің кінәсінен туындаған өнімнің кемшіліктерін (ақауларын) жою жөніндегі Өндірушінің қосымша міндеттемесі түсініледі. 3. Кепілдік мерзімі немесе тегін сервистік қызмет көрсету мерзімі ішінде өнімдегі жарамсыз бөліктерді (бөлшектерді, тораптарды, құрастыру бірліктерін) ауыстыру бүкіл өнімге не ауыстырылған 38