samsung WC2608 — Samsung WC2608 MON Warranty Card & User Guide PDF

Қосымша келесілер үшін: а) тоңазытқыштар: иіс сіңіргіштер, ауа тазартқыштар (биодезодоризаторлар), сүзгілер, сөрелер, жәшіктер, астаулар және басқа да азық-түлік сақтауға арналған ыдыстар; б) пештер мен микротолқынды пештер: торлар, істіктер, пісіру науашалары, керамикалық науашалар, конвекциялық тәсілмен пісіру науашалары, қуыру науашалары, су ыдыстары, буқазандар, буқазан қақпағы, буқазан тостағаны; газ ас пісіру беттері: оттық қақпақтары, оттық бөлгіштер, ыдыс-аяқтар қойғыштары; в) шаңсорғыштар: құбыршектер, түтікшелер, щеткалар, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер; г) кір жуу және ыдыс жуғыш машиналар: су жеткізетін құбыршектер; д) кондиционерлер және ас үйлік ауа сорғыштар: сүзгілер.

5. Өндіруші келесі жағдайларда кепілдік міндеттемелерін көтермейді және өнімге тегін сервистік қызмет көрсетуді жасамайды:

әрекеттерінен туындаса; е) өнімді тұтынушыға бергеннен кейін механикалық зақымданудан, ылғалдың әсерінен, жоғары немесе төмен температурадан, коррозиядан, тотығудан, бөгде нәрселердің, заттардың, басқа сұйықтықтардың, жәндіктердің немесе жануарлардың түсуінен туындаған ақаулар анықталса; ж) аудио-бейне бастиектерді, әртүрлі типтердегі тасымалдағыштардан ақпаратты оқуға арналған жетектерді тазалау қажет болса; з) егер зақымданулар (кемшіліктер) компьютерлік вирустардың және ұқсас бағдарламалардың әсерінен; өнімнің құпия сөздерін (кодтарын) орнату, өзгерту немесе жоюдан, өнімнің алдын ала орнатылған БЖ жетілдіруден және (немесе) қайта орнатудан, үшінші өндірушілердің (түпнұсқалық емес) БЖ орнатудан және пайдаланудан, жинақтағыштарды қатты магнит дискілерінде пішімдеуден, сервистік кодтарды пайдаланудан туындаса; и) егер ақау өнімді пайдалану кезінде табиғи тозу салдарынан пайда болса.

Бұл ретте табиғи тозу деп осы өнімді ұзақ уақыт пайдалану салдарынан олардың техникалық жай-күйі мен сыртқы түрінің нашарлауына әкеп соққан бұйымды пайдаланудың салдары түсініледі; к) егер зақымданулар (кемшіліктер) қоректендіруші, кабельдік, телекоммуникация желілерінің, радиосигнал күшінің стандарттарға немесе техникалық регламенттерге сәйкес келмеуінен туындаса, оның ішінде жер бедерінің ерекшеліктеріне және басқа да осыған ұқсас сыртқы факторларға байланысты болса, өнімді шекарада немесе желі қамту аймағынан тыс пайдаланудан, өнімге басқа сәйкес емес немесе жарамсыз сыртқы құрылғыларды қосудан туындаса; ОБРАЗЕЦ а) егер жеке (тұрмыстық, отбасылық) қажеттіліктерге арналған өнім кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ тікелей мақсатына сәйкес келмейтін басқа да мақсаттар үшін пайдаланылса; б) Пайдаланушы нұсқаулығында және өніммен жиынтықта тұтынушыға берілетін басқа құжаттамада көрсетілген өнімді пайдалану, орнату ережелері мен шарттары бұзылса; в) өнімде біліктіліксіз жөндеу іздері болса (түпнұсқа емес қосалқы бөлшектерді пайдалану, Өндіруші уәкілеттік етпеген тұлғалардың өнімді ашуы және жөндеуі); г) егер ақау бұйымның конструкциясының немесе сұлбасының өзгеруінен, Өндіруші қарастырмаған сыртқы құрылғыларды қосудан туындаса; д) егер ақау күші еңсерілмейтін әрекеттен, жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз 39