л) егер зақымдану стандартты емес (түпнұсқалық емес) және (немесе) сапасыз (бүлінген) шығын материалдарын, керек- жарақтарды, қосалқы бөлшектерді, қуат көзі элементтерін, әртүрлі типтердегі тасымалдағыштарды (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, аудио-, бейне кассеталарды, CD, DVD, жад карталарын, SIM карталарын, картридждерді) пайдаланудан туындаса; м) егер кемшіліктер үлеспейтін мазмұнды (әуендер, графикалық, бейне және басқа файлдар, Java қосымшалары және ұқсас бағдарламалар) алу, орнату және пайдалану нәтижесінде туындаса; н) өнімнің таңбалау заттаңбаларында көрсетілген деректер түзетілсе, өшірілсе, сондай-ақ өнімде таңбалау заттаңбалары болмаған жағдайда; о) кәсіби дисплейдің (LFD) мақұлданбаған қорғаныс қорабы пайдаланылса; п) өніммен бірге берілетін пайдаланушы немесе иеленуші нұсқаулығында бар қолдану және техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтарын кез келген сақталмауы нәтижесінде пайда болған кез келген зақым.
6. Бұл өнімдерді (ТВ, Монитор) коммерциялық және іскерлік ортада пайдалануға тыйым салынады және бұл келесі шектеулерді қамтиды: жаңалықтар хабарламаларын, кестелер сияқты статикалық немесе тиянақты кескіндерді, сондай-ақ тұрақты қара жолақтары бар 4:3 пішіміндегі суреттерді немесе бейне мазмұнын үздіксіз немесе әдейі ұзақ мерзімді көрсетуін кез келген коммерциялық мақсатта пайдалану, пайда немесе қаржылық пайда алу үшін кез келген пайдалану, клубтарда, барларда және мейрамханаларда көпшілікке көрсету. 7.
Қоса берілген құжаттамада сипатталған өнімді баптауды және орнатуды (құрастыру, қосу және т.б.) пайдаланушының өзі де, сәйкес бейіні бар АСО мен сатушы фирмалардың мамандары да (ақылы негізде) жүзеге асыра алады. Бұл ретте орнатудың (баптаудың) дұрыстығы мен сапасына өнімді орнатқан адам (ұйым) жауапты болады. Өнімнің сенімді жұмыс істеуі үшін де, кепілдік пен тегін сервистік қызмет көрсетуді алу үшін де оны дұрыс орнату маңыздылығына назар аударуыңызды сұраймыз. 8. Ұялы телефонның немесе басқа сандық құрылғылардың жадында сақталатын барлық деректердің резервтік көшірмесін сыртқы ақпарат тасымалдағышына жасауды ұсынамыз. 9.
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» егер бұл өнімді пайдалану, орнату ережелері мен шарттарын сақтамау, сатып алушының (тұтынушының) немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеттері нәтижесінде орын алса, адамдарға, үй жануарларына, мүлікке өнімнің тікелей немесе жанама түрде келтірілген ықтимал зиян үшін жауапты емес. Сондай-ақ «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» деректер мен ақпараттың жоғалуы, бүлінуі немесе өзгеруі нәтижесінде тиісті мақсаттағы өніммен тікелей немесе жанама келтірілген ықтимал зиян үшін жауапты емес.
ОБРАЗЕЦ ӨНДІРУШІНІҢ ҚОСЫМША МІНДЕТТЕМЕСІ Өндіруші өнім сатылған күннен бастап белгілі бір қосалқы бөлшектерге қосымша міндеттемені белгіледі (бөлшек жарамсыздығы Өндірушінің кінәсінен туындаған жағдайда оны тегін ұсыну). Бөлшек авторландырылған сервистік орталық жөндеу орындаған жағдайда тегін беріледі. Толығырақ ақпаратты келесі мекенжай бойынша: http://www.samsung.com/kz_kz/support компанияның сайтында таба аласыз, сондай-ақ Samsung бірыңғай қолдау қызметінің телефондары бойынша біле аласыз. 40