KK Қауіпсіздік шаралары Сақтық шаралары • Осы құжаттың ешбір бөлігін Seiko Epson Corporation компаниясының алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз көбейтуге, ақпаратты алу жүйесінде сақтауға немесе қандай да бір пішінде немесе қандай да бір жолмен, электронды, механикалық, фотокөшірме ретінде, жазуға немесе басқаша таратуға болмайды. • Бұл құжаттың мазмұны ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Ең соңғы ақпаратты алу үшін, бізге хабарласыңыз. • Бұл құжатты дайындауда барлық сақтық шаралары жасалған болса да, Seiko Epson Corporation компаниясы қателер немесе қалып кеткен ақпарат үшін жауапты емес.
• Бұл құжатта қамтылған ақпаратты пайдалану нәтижесінде орын алатын зақымдар үшін жауапкершілікті өз мойнына алмайды. • Seiko Epson Corporation компаниясы немесе оның филиалдары Seiko Epson Corporation компаниясымен техникалық қызмет көрсетілмеуі және нұсқаулары мұқият орындалмауы барысында (АҚШ-тан басқасы) жазатайым оқиға, өнімді қате немесе теріс пайдалану, рұқсат етілмеген өзгерістер, жөндеулер нәтижесінде сатып алушы немесе үшінші тараптың кесірінен пайда болған зақым, залал келтірілген өнімдер немесе шығындар үшін жауап бермейді.
• Seiko Epson Corporation және оның еншілес кәсіпорындары қандай да бір опцияларды немесе Seiko Epson Corporation тарапынан түпнұсқадағы EPSON өнімдері немесе EPSON тарапынан құпталған өнімдер ретінде анықталған өнімдерден басқа тұтынушылық өнімдерді пайдаланудан болған зақымдарға немесе ақауларға жауап бермейді. Сауда белгілері Барлық сауда белгілері тиісті иелердің меншігі болып табылады және тек сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады. Өнімге шолу Бұл тазартқыш су айналымы жүйесімен жабдықталған Epson сорғалы технологияға негізделген тоқымаға басып шығару машинасы.
Таспаны тазарту үшін пайдаланылатын тазартқыш су түкті кетіру үшін айналады және сияның шоғырлану датчигі көрсеткендей, тазартқыш су тиісті уақытта ауыстырылады. Артықшылығы – бояудың шоғырлану датчигінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, тазартқыш суды мүмкіндігінше ұзақ айналдыруға және қайта пайдалануға болады, бұл дәстүрлі әдістермен салыстырғанда тазартқыш суды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылғыны пайдаланбас бұрын дилердің немесе Epson қолдау қызметінің қауіпсіздік және пайдалану жөніндегі тренингіне қатысуды ұмытпаңыз. Осы нұсқаулық туралы ақпарат Бұл нұсқаулықтағы суреттер Әрбір нұсқаулықтағы өнімнің суреттері қолданылатын модельден сәл өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Нұсқаулық құрылымы Бұл өнімге арналған нұсқаулық келесі құрылымда болады. PDF пішіміндегі нұсқаулықты Adobe Acrobat Reader немесе Preview (Mac) көмегімен көруге болады. Пайдаланушы нұсқаулығы мен Нұсқаулықтың соңғы нұсқасын epson.sn (веб-сайт) сайтынан жүктеп алуға болады. Интернет браузерінде «epson.sn» деп теріп, принтеріңіздің үлгісін таңдаңыз да, принтер үлгісі үшін «Water Recycling Unit (C12C939921) Пайдаланушы нұсқаулығын» жүктеп алыңыз. Принтермен жұмыс істеу туралы ақпаратты бірге жеткізілетін нұсқаулықтан қараңыз. 60 Қауіпсіздік шаралары (осы нұсқаулық) Қауіпсіздік шараларын сипаттайды. Жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін осы нұсқаулықты міндетті түрде оқып шығыңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығы (PDF) Мұнда құрылғыны жалпы қалай пайдалану керек екені және ақауларды қалай жою керек екені сипатталады.