Пайдаланудан бұрын Бұл тарауда осы нұсқаулықта және осы өнімде пайдаланылатын белгілердің мағынасы, сонымен қатар қауіпсіздік шаралары көрсетілген. Бұл құрылғыны пайдаланудан бұрын, осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл нұсқаулықты сұрақтар туындаған жағдайда оңай көруге болатын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Белгілердің мағынасы Өнімнің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету және қауіптер мен зақымдардың алдын алу үшін, бұл нұсқаулықта және өнімде келесі белгілер қолданылады. Белгілер төменде сипатталған мәндерге ие.
KK Қауіпсіздікке қатысты белгілер Қауіпсіз пайдалану үшін Бұл бөлімде бұл құрылғыны қауіпсіз пайдалану және жарақат пен/немесе мүліктік зақымның алдын алу үшін қажетті ақпарат берілген. Орнату және қуат жеткізу сақтық шаралары Өңдеуге қатысты ескертпелер 61 Ескерту: Бұл белгі оны елемеу арқылы құрылғыны қате пайдалану өлім жағдайына немесе ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкіндігін білдіреді. Абай болыңыз: Бұл белгі оны елемеу арқылы құрылғыны қате пайдалану жарақатқа немесе мүліктік зақымға себеп болуы мүмкіндігін білдіреді. Орындамау керек болған әрекеттерді (сыйым салынған) көрсетеді. Орындалуы керек болған әрекеттерді (нұсқауларды) көрсетеді. Бөлшектеуге тыйым салынғанын көрсетеді.
Қолмен тиюге тыйым салынғанын көрсетеді. Жалынды пайдалануға қатаң тыйым салынғанын көрсетеді. Ескерту: Орнату туралы ақпарат алу үшін дилерге немесе Epson қолдау қызметіне хабарласыңыз. Бұл құрылғыны қосылған баспа машинасына арналған жұмыс кеңістігіне орнатыңыз. Бұл құрылғыны жылжыту немесе тасымалдау қажет болған кезде өз дилеріңізге немесе Epson қолдау қызметіне хабарласыңыз. Өнім құлап кетуі немесе аударылуы мүмкін, бұл пайдаланушығы жарақат келтіруі мүмкін. Кабельдер зақымдалса, электр тоғының соғу немесе өрте қаупі бар. Бұл құрылғыға өзгерістер енгізілсе, күтілген өнімділік деңгейлеріне кепілдік берілмеуі мүмкін. Ескерту:
Бұл құрылғыны өртке немесе алкоголь және еріткіш сияқты ұшпа заттарға жақын пайдаланбаңыз. Әйтпесе электр тоғының соғу немесе өрт қаупі бар.