Seiko Epson Corporation — Water Recycling Unit (C12C939921

Техникалық қызмет көрсету жұмыстарына арналған сақтық шаралары 62 Ескерту: Түтін, қалыптан тыс иістер немесе дыбыстар шықса, не болмаса қалыптан тыс жағдайлар орын алса, бұл құрылғыны пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Әйтпесе электр тоғының соғу немесе өрт қаупі бар. Оқыс жағдай туындаған кезде, басып шығару құрылғысындағы негізгі қуат қосқышын дереу өшіру арқылы құрылғыға жеткізілетін барлық қуат көздерін ажыратыңыз және содан кейін білікті қызмет көрсету маманына немесе Epson қолдау көрсету қызметіне хабарласып көмек сұраңыз. Өзбетінше жөндеу жұмыстарын орындамаңыз. Өзбетінше жөндеу өте қауіпті. Бұл құрылғыны жанғыш газ, жарылғыш газ немесе соған ұқсас заттар бар орындарда пайдаланбаңыз.

Сонымен қатар бұл өнімде немесе оның жанында жанғыш газ бүріккіштерін пайдаланбаңыз. Әйтпесе өрт қаупі орын алады. Құрылғыдағы саңылауларға металл немесе жанғыш заттарды салмаңыз. Әйтпесе электр тоғының соғу немесе өрт қаупі бар. Бұл өнімнің ішіндегі осы нұсқаулықта көрсетілген аймақтардан басқа аймақтарға тимеңіз. Әйтпесе электр тоғының соғу немесе күю қаупі бар. Осы нұсқаулықта көрсетілген бөлшектерден басқа бөлшектерді алып тастамаңыз, сонымен қатар көрсетілген бөлшектерден басқаларын орнатпаңыз, ажыратпаңыз немесе өзгертпеңіз. Әйтпесе жарақат алуыңыз мүмкін немесе қалыптан тыс қызу не электр тоғының соғуы нәтижесінде апаттық жағдай орын алуы мүмкін. Абай болыңыз:

Бұл құрылғының үстіне тұрмаңыз және оған ауыр заттарды қоймаңыз. Өнім құлап кетуі немесе сынып қалуы мүмкін, бұл пайдаланушығы жарақат келтіруі мүмкін. Абай болыңыз: Техникалық қызмет көрсету барысында «Пайдаланушы нұсқаулығындағы» техникалық қызмет көрсету процедураларында сипатталған барлық қорғағыш жабдықтарды (көз қорғанысы, қорғағыш қолғаптар, тыныс алу жолдарының қорғанысы және т.б.) киіңіз. • Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келетін қорғағыш жабдықтарды пайдаланыңыз. • Қажет болғанда, қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келетін қосымша қорғағыш жабдықты пайдалану ұсынылады.

Техникалық қызмет көрсету қақпағы ашқанда, жұмысты бастамас бұрын тоқтату үшін осы құрылғыдағы Pause/Restart түймесін басыңыз. Сонымен қатар, көзге арналған қорғаныс құралын киюді ұмытпаңыз. Олай болмаса тазартқыш су көзіңізге шашырауы мүмкін. Тазартқыш су теріңізге тиіп кетсе, немесе көзіңізге не аузыңызға кірсе, төменде көрсетілген шаралар қолданыңыз. • Ол теріңізге тисе, сабын және сумен дереу шайыңыз. • Егер ол көзіңізге кірсе, дереу сумен шайыңыз. Осы сақтандыру шарасын орындамасаңыз, көздеріңіз қанталауы немесе кішкене күйіп қалуы мүмкін. Мәселе туындаса, дәрігерге қаралыңыз. • Ол аузыңызға кірсе, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Егер тазартқыш су еденге төгілсе, оны шүберекпен немесе ұқсас материалмен сүртіңіз. Әтпесе сырғанат жарақат алуға әкелуі мүмкін. Техникалық қызмет көрсетуді «Пайдаланушы нұсқаулығының» «Сипаттамалары» бөлімінде көрсетілген температура мен ылғалдылық ауқымында орындаңыз. Өнімдерді әр өнімге арналған «Safety Data Sheet (Қауіпсіздік төлқұжатын)» (SDS) құжатында ұсынылатын ақпаратқа сәйкес пайдаланыңыз. Safety Data Sheet (Қауіпсіздік төлқұжатын) құжатын Epson веб-сайтынан жүктеп алуға болады.