Важные замечания! ЕСКЕРТУ: „ „ ҚУАТ Розетка немесе ажыратқыш жабдықтың жанында орнатылуы және ақаулық болған кезде қол оңай жетуі тиіс. Егер төмендегі мәселе пайда болса, қуат көзін дереу ажыратыңыз. Проекторды бұл шарттарда үзіліссіз пайдалану өртке немесе электр тогының соғуына себеп болады. z z Егер проектордың ішіне бөгде заттар немесе су кірсе, қуатты дереу ажыратыңыз. z z Егер проекторды түсіріп алсаңыз немесе корпусы сынған болса, қуат көзін дереу ажыратыңыз. z z Егер проектордан түтін, әдеттен тыс иіс немесе шуыл байқасаңыз, қуат көзін дереу ажыратыңыз.
Жөндеу үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз және өнімді өз бетіңізбен жөндеуге Найзағай болған кезде, проекторды немесе кабельді ұстамаңыз. Электр тогының соғуы мүмкін. Қуат сымын немесе қуат ашасын зақымдауы мүмкін ешнәрсе жасамаңыз. Егер қуат сымы зақымдалған кезде пайдаланылса, электр тогының соғуы, қысқа тұйықталу немесе өрт шығуы мүмкін. z z Қуат сымын зақымдамаңыз, оны жаңартпаңыз, ыстық заттардың жанына қоймаңыз, қатты бүкпеңіз, айналдырмаңыз, тартпаңыз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз немесе түйіндемеңіз. Қуат сымын жөндеу қажет болса, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қуат ашасын розеткаға және қуат қосқышын проектордың терминалына толығымен салыңыз.
Егер аша дұрыс салынбаған болса, электр тогы соғуы немесе қызып кетуі мүмкін. z z Зақымдалған ашаларды немесе қабырғадан босап қалған розеткаларды пайдаланбаңыз. Берілген қуат сымынан басқа ешнәрсе пайдаланбаңыз. Бұл талапты орындамау өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін. Шығыс тарапынан құрылғыны жерге қосу үшін берілген қуат сымын пайдаланбасаңыз, электр тогының соғуына себеп болуы мүмкіндігін ескеріңіз. Қуат ашасын шаң басып қалмауы үшін үнемі тазалап тұрыңыз. Мұны орындамау өртке себеп болуы мүмкін. z z Егер қуат ашасына шаң жиналып қалса, нәтижесінде болатын ылғалдылық оқшаулауды зақымдауы мүмкін.
z z Егер проекторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз. Қуат ашасын розеткадан суырып алып, оны құрғақ шүберекпен үнемі тазалаңыз. Қуат ашасын және қуат қосқышын дымқыл қолмен ұстамаңыз. Бұл шараны орындамау электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін. Розетканы шамадан тыс жүктемеңіз. Егер қуат көзі шамадан тыс жүктелсе (мысалы, тым көп адаптер пайдаланылса), қызып кетуі және өрт шығуына себеп болуы мүмкін. „ „ ПАЙДАЛАНУ/ОРНАТУ Проекторды кілемдер немесе алаша сияқты жұмсақ материалдардың үстіне қоймаңыз. Солай жасау проектордың қызып кетуіне, нәтижесінде күйіп қалу, өрт немесе проекторды зақымдауы мүмкін.
Проекторды ылғалды немесе шаңды жерлерге, я болмаса, жуынатын бөлме сияқты майлы түтінмен немесе бумен жанасатын жерлерге орнатпаңыз. Проекторды осындай шарттарда пайдалану өртке, электр тогының соғуына немесе құрамдас бөліктердің бүлінуіне себеп болады. Құрамдас бөліктердің (төбеге орнату кронштейні) бүлінуі, төбеге орнатылған проектордың құлауына себеп болуы мүмкін. Проекторды оның салмағын толық көтеруге шамасы жеткіліксіз орындарға немесе еңкейтілген не тұрақсыз беттерге орнатпаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау проектордың құлауына немесе төңкерілуіне себеп болады, нәтижесінде қатты жарақат алу немесе зақымдануға себеп болады.
О рнату жұмысын (төбеге орнату кронштейні сияқты) білікті маман орындауы тиіс. Егер орнату дұрыс орындалмаса немесе бекітілмесе, электр тогының соғуы сияқты жарақатқа себеп болуы мүмкін. z z Проектордың құлап кетпеуіне жол бермеу үшін қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде төбеге бекіту кронштейнімен берілген сымды пайдалануды ұмытпаңыз. (Төбеге бекіту кронштейнінен басқа орынға бекітіңіз.) Ауа кіретін/шығатын порттарды жаппаңыз. Солай жасау проектордың қызып кетуіне әкеліп, нәтижесінде өрт немесе проекторды зақымдауы мүмкін. z z Проекторды тар, нашар желдетілген жерге орнатпаңыз. z z Проекторды шүберекке немесе қағазға қоймаңыз, бұл материалдар ауа кіретін портқа кіруі мүмкін.
z z Кез келген қабырғалар немесе нысандар мен шығыс порты арасында кем дегенде 1 m (40”) бос орын және кез келген қабырғалар немесе нысандар мен кіріс порты арасында кем дегенде 50 cm (20”) орын қалдырыңыз. Қолыңызды немесе басқа заттарды ауа шығатын портқа қоймаңыз. Солай жасау күйіп қалуға немесе қолыңызды не басқа затты зақымдауы мүмкін. z z Ауа шығатын порттан ыстық ауа шығады. Ыстыққа төзе алмайтын қолыңызды, бетіңізды немесе басқа заттарды осы портқа жақындатпаңыз. РУССКИЙ - 7